Мұртаза, Ш. Таңдамалы [Мәтін] : әңгімелері, хикаяттары, мақалалары, роман, пьесалары / Ш. Мұртаза ; құраст. А. Мұртаза ; жоба жетекшісі Қ. Ботбай ; ред. Ә. Оспан ; Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің  "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру бағдарламасы Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. - Алматы : Айғаным, 2017. - 1116 б.- (Әдебиет әлемі).

Қазақ әдебиетіне Сәбит, Ғабит, Ғабиден бастаған алыптар шоғырының ізін ала келген үркердей топтың көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі көркемсөз шебері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның бұл жинағына әңгімелері, хикаяттары, драмалық туындылары, бірді-екілі романдары еніп отыр "Әдебиет - ардың ісі" дегендей, бүкіл шығармашылық ғұмырында жазу өнеріне соншалықты жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен қарап көркемдіктің биік шыңын бағындыра білген айтулы қаламгердің туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды десек, артық айтқандық емес. Көркем шығармашылықты жемісті қоғамдық қызметімен ұштастыра білген автордың азаматтық болмысы, парасат-пайымы еліміз тәуелсіздік алған кезеңде жарқырай көрінді.

 

FaLang translation system by Faboba

Новые книги